Түркістандық полицейлер жоғалып із-түссіз жоғалған балаларды тапты

0
1 166

Ағайынды балалар аулада ойнап жүріп, із-түссіз жоғалған.


Түркістандық полицейлер жоғалып із-түссіз жоғалған балаларды тапты

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қыдырып келіп, жоғалып кеткен екі баланы полиция қызметкерлері іздеп тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Ордабасы АПБ-ға кешкі сағат 19:30-дар шамасында жергілікті тұрғын үйіне қыдырып келген інісінің 5 жасар қызы мен 2 жасар ұлы аулада ойнап жүріп, үйге оралмағанын айтып арызданған


Аталған жайт Ордабасы АПБ-не тіркеуге алынып, балалардың із-түзсіз жоғалып кеткенін ескере отырып, оларды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық қызметкерлері жұмылдырылған. Нәтижесінде, қажетті деген барлық шараларды іске асырған тәртіп сақшылары шамамен 2 сағаттай уақыт өткен соң, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Асқар Қаратаев пен полиция сержанты Асхат Бакиров көшелердің бірінде адасып, жылап жүрген балаларды тауып, жақындарына табыстады.


Ал балалардың көкесі болған оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді.

«Әр күн сайын түрлі оқиғаларды естимін, бірақ өзімнің басыма осындай іс түседі деп ойлаған жоқпын. Ең бастысы – балалар дін-аман. Тіпті елестете алмаймын, егер балаларға бірдеңе болғанда, маған сеніп, кішкентайларын тастап кеткен інімнің көзіне қалай қарар едім. Полицейлерге өте ризамын. Әсіресе, менің балаларымды тауып, қайтарған Асқар мен Асхатқа», - деп тәртіп сақшыларына өзінің алғысын білдірді.