Түркістандық полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын-алу акцияларын өткізді

0
2 101

Акцияның негізгі мақсаты - халықты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын-алу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.


Түркістандық полицейлер зорлық-зомбылықтың алдын-алу акцияларын өткізді

фото: facebook.com

Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, оны жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс атқаруға бағытталған - «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акцияларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның негізгі мақсаты, халықты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын-алу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Аталған іс-шараларға мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, денсаулық сақтау, білім мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары тартыла отырып өткізілді.
Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша облыс тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, буклеттер, билбордтар, жаднамалар мен плакаттар ілінді. Және де зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға қайда хабарласуға болатыны жайлы түсіндірме жұмыстары кең ауқымда жүргізілді.
Одан өзге, тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ қолайсыз отбасы адамдарын тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеру қамтамасыз етілді. Түркістан облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру бөлімшелерінің әйелдердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстары өз жалғасын табуда.