Түркістандық шаруа төрт түрлі құспен төрт айда тұрмысын түзеген

0
632

Алғашқыда 20 қаз баққан екен.


Түркістандық шаруа төрт түрлі құспен төрт айда тұрмысын түзеген

Үтіртөбе ауылының тұрғыны құс өсіріп, табысқа жеткен, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылының тұрғыны, қарапайым шаруа Жаманқараев Серік Бердіқұлұлы өз қаржысына үй құстарын сатып алып, өсіріп, көл-көсір пайда тауып келе жатыр. Қазіргі уақытта бес жүзге жуық үй құсын өсіретін тұрғын әр жұмыстың машақаты болатынын, бірақ алдағы уақытта құс санын он мыңға жеткізетін жоспары бар екенін айтады.

«Басында 20 қазды бағып өсірдім. Қаздарды үлкейтіп сатқан кезде кәдімгідей көп ақша болды. Содан, жұбайыммен ақылдаса келе өзгеде құстарды асырауды қолға алдым. Қазіргі таңда үйрек, қаз, тауық, үндік сынды 500 ден астам үй құстарын өсіріп келемін. Әр жұмыстың өзіне жарасымды машақаты болады. Дегенмен, шаршамай еңбек етсең үй құстары да өзегіңді талдырмайды. Алдағы уақытқа мақсатым – шарушылығымдағы құстар санын 10 мың данаға жеткізіп, шаруашылық жұмыстарына ұлым Ерікті баулу», - дейді Серік Бердіқұлұлы.

Тағы бір қосымша ақпарат ретінде айта кететін болсақ, жоғарыда аталған үй құстары базарларда 5-8 мың теңге аралығында саудаланып жатыр екен.