Түркістандық шенеунікті бопсалаған кәсіпкер 50 млн. теңге сұраған

0
576

45 миллион теңгені қолма-қол алу барысында ұсталды.


Түркістандық шенеунікті бопсалаған кәсіпкер 50 млн. теңге сұраған

Кәсіпкер Түркістан облысының шенеунігінен қомақты қаржы бопсалаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады.


Дерекке сүйенсек, Шымкент қалалық ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінген. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп, жеке кәсіпкер 50 млн. теңге бопсалап отырғанын айтқан. Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша тіркеп, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда, ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу барысында ұстады. Қаржының 40 млн теңгесі жалған ақша болған.


Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.