​Түркістандық студенттер арасында фестиваль өтті

0
1 782

Сарыағашта Халықаралық Студенттер күні атап өтілді.


​Түркістандық студенттер арасында фестиваль өтті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының колледждер арасында Халықаралық Студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жастардың бойындағымәдениеттілікті, рухани-адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерді дамыту мақсатында, Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 17-қараша Халықаралық Студенттер күніне орай, арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында " Студенттік өмір деген игі өмірдің бастауы" атты аудандық фестиваль өтті.

Фестивальде студенттер оқу орындары туралы авторлық видео роликтер көрсетіп, өз өнерлерін паш етті, сонымен қатар қолдан жасалған киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Фестивальге жас жайдарманшылар қонаққа келіп, студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айтулы мерекелік іс-шарада студент жастарға бағалы сыйлықтар мен аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев алдағы уақытта дәстүрлі түрде студенттер күні жоғары дәрежеде ұйымдастырылатынын атап өтті.