Түркістандық тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмек көрсетеді

0
1 311

Олар игі іс-шараны өз қаржыларымен ұйымдастырады.


Түркістандық тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмек көрсетеді

Түркістан облысы Арыс қаласының полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Түркістан облысы Арыс қаласының полицейлері ай сайын өз тараптарынан қаржы жинап, аз қамтылған және жағдайы төмен, көпбалалы отбасы мен жалғызілікті аналарға көмек қолын созып келеді. Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де дәстүрлі түрде жақсылық пен сый-сияпат жасауды әдетке айналдырған. Осылайша олар кейбір ақшасын қайда жаратарын білмей жүргендерге үлгі боларлық іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

Осы бастама аясында Арыс аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері бұл жолы материалдық көмек көрсету шарасын ұйымдастырып, өз қаражаттарына бүтін бір отбасын күнделікті қажетті барлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оған қоса, өздерінің «Мейірім» атты жақсылық жасау акциялары аясында азық-түліктен бөлек, қаржылай көмек пен мектепте оқитын балаларына қажетті канцелярлық заттарды да табыстады.