Түркістандық тәртіп сақшылары дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарды анықтады

0
694

Негізгі бағасына ақша қосқан.


Түркістандық тәртіп сақшылары дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарды анықтады

Түркістан облысының полициясы дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін болдырмауға бағытталған рейдтік шаралар өткізді. Нәтижесінде облыс аумағында дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сатудың 5 жағдайы анықталған.

Атап айтсақ, Түркістан қаласының аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қалалық дәріханалардың бірінің фармацевтін Cef-3 дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып жатқан жерінен ұстады. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 000 теңгеге саудаған. Ал, дәріханалардағы бір қораптың құны 1300 теңге.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаштық тұрғынның медициналық маскаларды заңсыз саудаланғанын анықтады. Тұрғынның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары тағы 4950 дана мөлшерде медициналық бетперде тәркілеген.

Сонымен қатар, Арыс ауданындағы полиция қызметкерлері Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінде «аскорбин қышқылы» 700 теңгеден сатылғанын анықтаған. Бөлшек саудада аталған дәрі бағасы 300 теңгені құрайды.

"Барлық анықталған фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы шаралар қабылданатын болады.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полициясы дәрі-дәрмектердің қымбат бағамен, әрі заңсыз сатылуына куә болған азаматтарды полицияның 102 телефонына хабарласуға шақырады"- делінген Полиция департаментінің хабарламасында.