​Түркістандық тәртіп сақшылары Конститутция күніне орай сенбілік өткізді

0
1 091

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы жаппай сенбілікке шықты.


​Түркістандық тәртіп сақшылары Конститутция күніне орай сенбілік өткізді

Тазалық – денсаулық кепілі дегендей, Түркістандық тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні мерекесіне орай сенбілік өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында Түркістандық полицейлер белсенділік танытып, қураған шөптерді шауып, шашылып жатқан қалдықтарды жинастырды. Департаменттің жан-жағын қоқыстан тазартып, артық шөп-шаламдарды жұлып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған тазалық жұмыстарына Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлері біркісідей қатысты.

Ұжым болып, жараса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен қала тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Сенбілікке жалпы құрамнан 100-ге жуық жуық қызметкер қатысты. Олардың бір тобы аулалардағы қураған шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жинаса, келесілері топырақты жерді сыпырып, жуып-шайып, сыртқы аулаларға дейін түгелдей тазартып, ағаш түптерін қопсытты.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Асқаровтың айтуынша ұжыммен бірге жасалатын мұндай шаралар мұнымен тоқтап қалмайды.

«Өзіміз жұмыс жасайтын орнымыздың жайлы да қолайлы болуы үшін, оның тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парызымыз. Департаменттің әр қызметкері өзінің жұмыс кабинеті мен жүрер жерін таза ұстауы қажет деп білемін, бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстар соның дәлелі. Алдағы уақытта да осындай сенбіліктерді көптеп ұйымдастырып, бос уақыты бола бермейтін қызметімізден уақыт тауып, тазалық шараларын ұйымдастырып отыратын боламыз», – деді ол.

Облыс орталығы болған Түркістан қаласының көрікті де әсем қала болуы үшін, әрбір мекеме өз ғимараттарының айналасын таза ұстап, қызметкерлерін жұмылдырып, сенбіліктер ұйымдастырып отыру керек. Сондықтан, полицейлердің бастамасы өте құптарлық іс.

Полицейлер атап өткендей, мұндай шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында атқарылады, Полиция қызметінің имиджін нығайтады және жас полицейлерді патриотизм рухында тәрбиелеуге, отанын сүюге ықпал етеді. Сенбіліктен соң, барлық қатысушылар өздерін сергек және көтеріңкі көңіл-күйде сезінді.



Дереккөз: ТО ПД-нің баспасөз қызметі