Түркістандық түлектер Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатты

0
519

Мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, стадион мен автотұрақты да салып берген.


Түркістандық түлектер Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатты

Мақтааралдық түлектер Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері 20 жылдық мерейтойы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қазақтың бас ақынының ескерткішін орнатты.


Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен Достық ауылдық округінің әкімі Талғат Абибуллаев қатысып, туған жеріне жанашырлық пен белсенділік танытып жүрген түлектерге үлгі боларлық істері үшін алғыстарын айтты. Жергілікті ауыл ақсақалдары мен ауыл билері туған жерді түлетуге атсалысып жүрген жастарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Іс-шара барысында мектептің биылғы алтын белгіге бітірген үздік оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің шығармашылықтарын паш етті.


Бұдан бөлек, түлектер туып-өскен ауылдарына заманауи аялдаманың құрылысын жүргізіп, сыйға тартқан. Әрине, Ж.Қалшораев ауылының жастарының ауызбіршілігі мен ұйымшылдығы көз қуантады. Тіпті, әр жылы түлеп ұшқан түлектер мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, стадион мен автотұрақты да салып берген.