Түркістандық түлектер тестті сақтық шараларын сақтай отырып тапсырып жатыр

0
705

Тыйым салынған заттармен ұсталғандар аудиториядан шығарылады.


Түркістандық түлектер тестті сақтық шараларын сақтай отырып тапсырып жатыр

Төлеби ауданында мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлектер сақтық шараларын сақтап тест тапсыруда

Бүгінде жас түлектердің жоғарғы оқу орындарына түсуіне жол ашатын Ұлттық біріңғай тестілеу бастау алып, талапкерлер тестті сақтық шараларын сақтай отырып тапсыруда. Атап айтсақ, Түркістан облысы Төлеби ауданында тестілеу 24-30 маусым аралығында Ленгір қаласындағы №7 IT лицейдің ғимаратында өткізіледі.

Биыл аталған аудандағы 53 мектептен 963 талапкер тест тапсыруға өтініш білдірсе, күн сайын ҰБТ-да 137-147 талапкер бақ сынап жатыр. Ең бастысы – індетке байланысты тестілеу барысында барынша сақтық шаралары сақталуда. Яғни, түлектердің дене қызуы өлшеніп, бетперде мен медициналық қолғаппен кіргізіліп, аудиториядағы арақашықтық сақталған орынға отырады.

Айта кетейік, Төлеби ауданында осы күнге дейін 3 оқушы сынаққа келмеген, ал 1 талапкер денсаулығына байланысты тестті жалғастыра алмаған. Бұдан өзге, тыйым салынған заттармен ұсталған 5 оқушы аудиториядан шығарылған. Алғашқы өткізілген сынақ нәтижесі бойынша аудандағы ең жоғарғы балл 123-ке жетіп отыр.