Түркістандық тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашты

0
799

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде алып отыр.


Түркістандық тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашты

Төлебилік тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі Жамбыл ауылының тұрғыны Жанерке Есеналиева бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты ұтып алған. Бүгінде тігін шеберханасын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 555 600 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті жабдықтарын түгел сатып алған. Кәсіпкер қолдауды «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде алып отыр.

Тігінші қазіргі таңда қыз жасауына арналған бұйымдарды тоқиды. Сонымен қатар, қомақты көлемде тапсырыстар қабылдайды. Жақында Атырау қаласындағы ауруханаға 600 дана көрпе-төсек тіккен. Сондай-ақ, тігін шеберханасында жергілікті спорт мектептерінің арнайы киімдері тігіледі.

Шеберхана иесінің айтуынша, өткен жылғы табысы шығынды есептемегенде 2-2,5 млн теңге көлемінде болған. Осылайша тынымсыз еңбегінің арқасында жақсы табысқа кенеліп отыр.