Түркістандық тұрғындар мемлекеттік грантпен қалаған кәсібіне қол жеткізген

0
674

Алдағы уақытта олардың саны 200-ге жуықтайды.


Түркістандық тұрғындар мемлекеттік грантпен қалаған кәсібіне қол жеткізген

Сайрам ауданында жалпы 26 азаматтың кәсіпкерлігіне 113 миллион теңге көлемінде шағын несие берілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында «Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында біршама адам өзі қалаған кәсіпке қол жеткізген. Солардың ішінде Сайрам ауданының тұрғындары да бар. Негізіг табыс көзі ауыл шаруашылығы болып саналатын аудан тұрғындары үшін 2020 жылы 200 АЕК құрайтын 498 мемлекеттік грант есебін тағайындау жоспарланған. Бүгінге дейін кәсібін бастаймын дегендер үшін 169 грант берілген. Оның 162-сі қазір ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып келеді.

Атап айтсақ, сайрамдық кәсіпкер Батыржан Иманов өз білімін дамытып, мемлекеттен грант ұтып алған. Ол аталмыш қаржымен егін саласына ден қойған. Бүгінде үй іргелік алқабынан 2-3 өнім алуды көздеп отыр. Сондай-ақ, ол тұратын аумақта ағын су мәселесі бар болғандықтан, кәсіпкер ирандық тамшылатып суару әдісін орнатқан.

«Бүгінде ауданда тамшылатып суару әдісі арқылы егін егіп, табыс көзіне айналдырған 10-нан астам отбасы бар. Алдағы уақытта олардың саны 200-ге жуықтайды», - дейді аталмыш аудандағы мамандар.

Айта кетейік, Сайрам ауданында жалпы 26 азаматтың кәсіпкерлігіне 113 миллион теңге көлемінде шағын несие берілген.