Түркістандық ұстаз үшем босанды

0
1 031

Жұбайы екеуі де білім саласында қызмет атқарады.


Түркістандық ұстаз үшем босанды

Жетісай ауданы «Қарақай» ауылдық округі Сәтпаев елдімекенінде ұстаздар жанұясында үшем өмірге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісайлық Бахитов Жомарттың жары Қарымсақова Аягөз бұған дейін өмірге 2 қыз, 1 ұлды әкелген болса, Бүгін міне айы-күні жетіп аман-есен үш сәбиді босанып отыр. Жұбайы екеуі де білім саласында қызмет атқаратын жанұя үшін бұл үлкен қуаныш.


Қазіргі таңда үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулықтары біршама жағдайы жақсарған. Сәбилердің денсаулықтары жақсы. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де Жетісай қаласында мектепте жұмыс істейді. Сәбилерге Ернұр,Балнұр, Айнұр есмідері берілген.


«Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімнің қазір жағдайы жақсы, дәрігерлерге шексіз ризамын, қолынан келгенше қарап жатыр» дейді үшемнің анасы.


Жалпы, Жетісай ауданы бойынша былтыр 51 егіз дүниге келген. Олардың 22-і егіз қыздар, 16-ы егіз ұлдар, 12 отбасында аралас сәбилер туылған. Биыл 10 отбасында егіздер жарық дүние есігін ашқан.