​Түркістандық үздік жастар орталығына «Газель» автокөлігі беріледі

0
1 895

Түркістан облысының жастары бірінші орында келеді.


​Түркістандық үздік жастар орталығына «Газель» автокөлігі беріледі

Түркістан облысында өткен "Тәуелсіздік - тірегім, Түркістаным жүрегім" атты жастар форумында үздік жастар орталығына "Газель" автокөлігі сыйға тартылатындығы айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бейресми форматта ұйымдастырылған форумды ашқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл кездесудің Түркістан облысы құрылғалы алғаш рет екендігін атап өтті.

- Бейресми кездесу форматы жақсы жоба. Біз жастарға қатысты мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырайық", - деп көпшілікті ашық пікір алмасуға шақырды облыс әкімі.

Сондай-ақ, биылғы жылы 27 номинация бойынша жастар арасында байқау жарияланып отыр. Үздіктерді анықтау арнайы сайтта қойылған материалдарға дауыс беру арқылы жүзеге асады. Ал, облыстағы үздік жастар ресурстық орталығы номинациясының иегеріне «Газель» автокөлігі берілмек.

Айта кету керек, Түркістан облысы жастар саны жағынан елімізде алғашқы орын алады. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан, несие алып, кәсіп ашқан. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алу ісінде де бірінші орында. «Жастар практикасы» тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасқан, «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан жастар санынан да алдыңғы қатарда тұр.