Түркістандық волейболшылар ел чемпионатында жүлделі болды

0
557

Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен, медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.


Түркістандық волейболшылар ел чемпионатында жүлделі болды

Түлкібастық жас волейболшылар ел чемпионатында жүлделі орынды иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-10 аралығында өткен тартысты турнирге 14 облыс пен Түлкібас ауданының құрамасы қатысты.


Өңіріміздің жас волейболшылары ақтық сайыста Жетісу облысының құрамасынан есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Жетісу өңірінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті павлодарлық волейболшылар түйіндеді. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен, медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.