​Түркістандықтар Елбасы Жолдауындағы тың бастамаларды ерекше ықыласпен қабылдады

0
2 078

Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.


​Түркістандықтар Елбасы Жолдауындағы тың бастамаларды ерекше ықыласпен қабылдады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көрді. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.
Сондай-ақ, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда да колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдады.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жұртшылық Жолдауды тамашалап, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді.