Түркістандықтар қайтарымсыз грантпен кәсібін өркендетіп отыр

0
891

Айына орта есеппен 200 мың теңге табыс табады.


Түркістандықтар қайтарымсыз грантпен кәсібін өркендетіп отыр

Шардаралықтар қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара қаласының тұрғыны Тоқмырзаев Серік 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, бүгінгі таңда пластик терезе, есік даярлайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ашылғанына 1 жыл толған цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс аз емес. Әзірге барлық жұмысты өзі атқарады. Өндіріс орнының иесі сұраныс артып жатса, цех аумағын ұлғайтып, тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Дәл осындай грант иесі шардаралық Мысқалбай Ұлназық былтыр қажетті жабдықтар алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінде күніне 7-8 адамға ем-дом жасап, айына орта есеппен 200 мың теңге табыс табады.

Бұдан өзге, Шардара ауданының арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға (азық-түлік және гигиена кұралдар жиынтығы) 195,4 млн теңге бағытталған. Қазіргі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 598, ал кепілдірілген әлеуметтік пакет отбасы саны 600-ге жуық. Атап айтқанда, кепілдірілген әлеуметтік пакетпен қамтылған 1-6 жас бала саны – 1968, оның ішінде 1-3 жас бала саны – 850, 3-6 жас бала саны – 1118, оларға төленген қаржы - 27,1 млн теңге.