Түркістандықтар көкөніс жинауға кірісті

0
1 311

1842 га көкөніс дақылдары егілген.


Түркістандықтар көкөніс жинауға кірісті

Төлеби ауданындағы дихандар көкніс дақылдарын жинауда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіндегi жеке кәсіпкер «Н.Жубаева» 2020 жылы 10 гектар алаңға көкөніс дақылдарын егіп, диханшылық жұмыстарымен айналысуда. Атап айтқанда егiс алқабында 4 гектар – қызанақ, 2,8 гектар – қияр, 0,1 гектар – сәбіз, 0,1 гектар – болгар бұрышы және 3 гектар картоп егілген. Бүгінгі таңда қияр және қызанақ дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде. Қызанақтан – 30 тонна, қиярдан – 25 тонна өнім жиналып, аудан аумағында сатылымға шығарылып жатыр.

Сонымен қатар алдағы уақытта қызанақтан қосымша – 75 тонна, қиярдан – 50 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Мұнда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде қосымша 30 адам жұмысқа тартылған.

2020 жылы ауданда үй іргелік жерлерді қоса есептегенде, 1842 га көкөніс дақылдары егілген. Бүгінгі күнге дейін жалпы 26,1 мың тонна өнім жиналды.

Айта кетейік, осыған дейін түркістандық дихандар бидай, қауын-қарбыз, алма сынды дақылдар мен көкөністерді жинаған.