Түркістандықтардың 98,6%-ы халық санағынан өтті

0
537

Онлайн санақтан – 943 934, оффлайн санақтан – 1 089 323 адам өтті.


Түркістандықтардың 98,6%-ы халық санағынан өтті

Түркістан облысында 2 033 257 адам халық санағынан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі күнге облыс бойынша санақтан өткен тұрғындардың саны - 2 033 257 (98,6%). Оның ішінде, онлайн санақтан – 943 934, оффлайн санақтан – 1 089 323 адам өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов мәлімдеді.


«Ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында дәстүрлі әдіспен, сұхбатшылармен жаппай аралау арқылы онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар арасында планшеттерді пайдалану арқылы өткізілуде. Бұл жұмыстарға 350 нұсқаушы-бақылаушы және 2 385 сұхбатшы жұмылдырылған. Статистика деректеріне сәйкес, 1 тамыздағы жағдаймен Түркістан қаласының халқының саны 186 мың адамды құраса, қазіргі таңда сұхбатшылардың жаппай аралау нәтижесінде халық саны 220 мыңнан асты. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер - барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын, тұрғын үй, білім беру (мектептер, балабақшалар), денсаулық сақтау салалары нысандарының, инженерлік инфрақұрылымның қажеттілігін сапалы жоспарлауға мүмкіндік береді», - деді Арман Сәбитұлы.


Сонымен қатар, брифингке қатысқан Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов санақ жұмыстары ағымдағы жылдың 30 қазанында аяқталатынын айтты.


«Санақ жұмыстары аяқталған соң 8 қараша дейін қайта бақылау жұмыстары жүреді. Кейін барлық өңірлерден жинақталған мәліметтер бойынша жалпы мәлімдеме жасалады», - деді Бағлан Абайбекұлы.