Түркістанға 200 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

0
372

78 млрд. 950 млн. теңгеге 5 инвестициялық жоба жүзеге асады.


Түркістанға 200 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

Түркістанның экономикасына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 200 млрд 542,9 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 84,4 пайызға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.


Сондай-ақ, үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11 млрд 106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген.


«Өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 567 млн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,9% құрап, облыстағы аудан-қалалар арасында 5 орында тұрақтады. 2021 жылы өнеркәсіп саласында жалпы құны 2 млрд 754 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 1 367 жұмыс орны құрылды. Олар: «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі, жоба құны 500 млн тенге, 1100 жаңа жұмыс орнымен; «Euro Blok Production» ЖШС газобетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн теңге, 10 жаңа жұмыс орнымен; «Спецстрой» ЖШС, жоба құны 1 млрд 100 млн теңге, 241 жұмыс орнымен; «EKP-Group 878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 млрд 41 млн теңге, 16 жаңа жұмыс орнымен», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.


Айта кетейік, 2022-2025 жылдары «Түркістан» индустриалды аймағында 78 млрд. 950 млн. теңгеге 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 1 433 жұмыс орны құрылады.