​Түркістанға әрбірі 170 мың теңгелік 9 «SMART oryndyq» орнатылды

0
1 971

Ешқандай электр энергиясын қолданбай-ақ (USB кабелі арқылы) ұялы телефоныңызды қуаттауға әжетіңізге жарайды.


​Түркістанға әрбірі 170 мың теңгелік 9 «SMART oryndyq» орнатылды

Түркістанда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында демалуға арналған орындарға «SMART oryndyq» орнатылды, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде мәлім еткен Түркістан қаласы әкімдігіне қарастытұрғын үй-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Тәукебаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздің рухани астанасындағы демалуға арналған орындарға тоғыз дана «SMART oryndyq» орнатылғандығын айтты.

Қаланы абаттандыру жұмыстары бойынша бұрынғы саябақтардың барлығына қайта көркейту жұмыстары жүргізіліп, «Есім хан» алаңындағы демалыс орнына үш дана, «Рәміздер алаңы» аллеясына 4 дана, сонымен бірге жаңа «Парасат» саябағына 2 данасы қойылған.

«SMART oryndyq» тұрғындар үшін өте қолайлы. Себебі, ешқандай электр энергиясын қолданбай-ақ (USB кабелі арқылы) ұялы телефоныңызды қуаттауға әжетіңізге жарайды. Техника15 жыл қызмет атқарады. Бір орындықтың құны 170 мың теңгені құрайды.

Тек сала мамандары жайлы орындықтарға жапсарлас орналастырылған күннің көзіненэнергия алатын панелі 34 келіден жоғары салмаққа шыдас бермейді дейді. Сол үшін панель бетіне отырмаған абзал. Сынған жағдайда қалыпқа келтіру қосымша қаржыны талап ететіндіктен қала жастары ұқыпты пайдаланады деген сенімде.