Түркістанға Канн фестивальінің "үздік актрисасы" атанған Самал Еслямова келді

0
1 247

Түркістандықтар режиссёр Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмін тамашалады.


Түркістанға Канн фестивальінің

Түркістан қаласының тұрғындары халықаралық Канн фестивальінің жүлдесіне ие болған "Айка" фильмін тамашалады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фильмнің басты кейіпкері - қырғызстандық Айка есімді қыз. Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп, қарызға белшесінен батқан ол тіпті некесіз туған баласын да перзентханаға тастап кетеді. Алайда бұл ісі басты кейіпкерге тыныштық бермейді. Осылайша оның көп ұзамай аналық сезімі оянып, баласын іздеуге бел буады.
Қ. А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің "Мәдениет орталығында" өткен фильмнің көрсетіліміне басты рөлін сомдаған актриса Самал Еслямова мен фильм режиссёры - Сергей Дворцевой қатысты.
Айта кетейік, «Айка» фильмі 2018 жылы өткен 71-ші Канн кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын.