Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

0
919

Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек.


Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келді. Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы аясында жіберілген керуенді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған топ қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев сын сағаттарда бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, көмек керуенінде 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует бар. Көрші елден келген көмекке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек.

Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны орын алған Мақтаарал ауданына да Өзбекстаннан көмек қолы жеткен болатын. Көрші елдің азаматтары елдімекендерде су сору жұмыстарын жүргізіп, аумақты күл-қоқыстардан тазартқан болатын.