Түркістанға Өзбекстаннан үздіксіз су келіп отыратын болды

0
712

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев маңызды құжатқа қол қойды.


Түркістанға Өзбекстаннан үздіксіз су келіп отыратын болды

Түркістан облысы әкімдігінің делегациясыӨзбекстанға барып, трансшекаралық су нысандарын басқару, қолдану және қорғау бойынша күрделі мәселені талқылау бойынша жиынға қатысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев екі ел арасындағы су қатынастары саласында ынтымақтастық мәселесі бойынша Жол картасына қол қойды. Бұл келісім аясында бүгіннен бастап шілде айы бойы «Достық» каналынан облыс аумағына секундына 80 текше метр су келіп отырады. Бұған Өзбекстан тарапы кепілдік берде. Ал, тамыз айында бұл көрсеткіш 70 текше метрге төмендейтін болады.

Аталған жиын барысында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік өңірде өмір сүретін шаруалардың көкейінде жүрген мәселенің шешілгенін жеткізді.

«Судан басқа, біз тағы екі бағытта жұмыс бастадық. Біріншіден, Кентау мен Түркістан қалаларында үлкен текстиль фабрикасын саламыз. Әйелдерге 1 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін екі фабрика жұмыс істейтін болады. Үшінші бағыт – ол Түркістан төңірегінде Өзбекстан тәжірибесімен шөлді жерлерде, құмды жерлерде, тұзды жерлерде сексеуіл, жыңғыл отырғызу жәнеНаманганның тәжірибесімен жеміс-жидек өсіретін алқаптар ұйымдастыру. Бұл да бізге өте қызық тәжірибе. Сондықтан біздің облыстан үш топ келіп, жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар Наманганға, Қарақалпақстанға барады. Біз бұл тәжірибелерді өзімізге ендіруге мүдделіміз. Бұл келіссөздер қос мемлекет басшыларының бақылауында. Сондықтан екі елдің Президентіне рақметімізді айтамыз", - деді облыс басшысы.