Түркістаннан 14 бағытта әуе рейстері қатынап жатыр

0
459

Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты қосымшалардан білуге болады.


Түркістаннан 14 бағытта әуе рейстері қатынап жатыр

Түркістан халықаралық әуежайынан 14 бағытқа әуе рейстері орындалып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан халықаралық әуежайынан қазіргі таңда 14 бағытта халықаралық және ішкі әуе рейстері орындалуда.

Атап айтқанда:

1) «Түркістан – Ыстамбұл» аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Бішкек» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Ташкент» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» күнделікті;

5) «Түркістан – Алматы» аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);

6) «Түркістан – Қостанай» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7) «Түркістан – Семей» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8) «Түркістан – Атырау» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

9) «Түркістан – Қарағанды» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10) «Түркістан – Көкшетау» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11) «Түркістан – Ақтөбе» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

12) «Түркістан – Ақтау» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13) «Түркістан – Павлодар» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

14) «Түркістан – Орал» аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі).


«Түркістан-Ыстамбұл» бағытына «Fly Arystan» және Түркияның «Turkish Airlines» әуекомпаниялары, ал «Түркістан-Бішкек», «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Нұр-Сұлтан», «Түркістан-Алматы» бағыттарына «Fly Arystan» әуекомпаниясы және қалған бағыттарға «SCAT» әуекомпаниясы қызмет көрсетуде.


Сонымен қатар жуырда «Qazaq Air» әуекомпаниясының «Түркістан-Талдықорған» бағытындағы әуе рейсі қатынауы жоспарланған.


Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан (тел: +7 725 33 5 29 09), аталған әуекомпаниялардың ресми сайтынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz, probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.