Түркістанның екі шетінен айналма жолдар салынады

0
1 292

Нәтижесінде, қала ішіне кірмей, тікелей республикалық жолмен өтуге мүмкіндік береді.


Түркістанның екі шетінен айналма жолдар салынады

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов даңғылында айналма жол салынып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов даңғылының төрт жолақты жолы "Қаракөз" мазаратына дейін 6 жолақты жолға айналды. Сонымен қатар, даңғыл бойынша салынып жатқан Керуен сарай кешеніне кіреберіс аумақ бойында айналма жол салынуда.

Одан өзге, Шәуілдір бағытынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай аумақтары да төрт жолақты жолға айналды. Сонымен қатар, Жібек жолы, Жангелдин көшелерінде де жолды кеңейтіп, жолақтарын көбейту жұмыстары жүруде. Нәтижесінде, қала ішіне кірмей, тікелей республикалық жолмен өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күн сайын көлік саны көбейіп жатқан шаһардағы кептелістің туындамауына сеп болады.

Сонымен қатар, болашақта 2025 жылға дейін Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы қала аумағында қалып, қаланың екі шетінен Шығыс және Батыс айналма жолдары салынады.

Ал, әкімшілік-іскерлік орталықта салынатын барлық жолдар алты жолақты болып салынады. Және де қоғамдық көліктер үшін "Bus lane" белгісі сызылуда.

Жалпы, бүгінде рухани-мәдени аумаққа айналма жол арқылы кіру үшін Батырбеков көшесі құрылысы жүруде.