Түркістанның ежел­гі қоныстарының бірі – Күлтөбе қала­сы қайта жаңғыртылмақ

0
2 380

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көруге мүмкіндік тумақ.


Түркістанның ежел­гі қоныстарының бірі – Күлтөбе қала­сы қайта жаңғыртылмақ

ERNUR.KZ. Облыс орталығы мәртебесін ием­ден­ген күмбезді шаһардың кемел келе­шегін ойлаған Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мен Түркістанға келген сайын ерекше тебіренемін. Мұнда исі қазақтың хандары мен сұлтандары, батагөй билері, батыр, бағландары мəңгіге тыныс тапқан. Бабаларымыздың аруағы баршамызды желеп-жебеп жүрсін дегім келеді», – деген ерекше толғанысын арнады.

Бабалар жерленген қасиетті мекенді қадір тұтқан Елбасына деген елдің ыстық ықыласындай мамыра-жай күй кешкен қаланың тайлы-тұяғы қалмастан бұл күні «Әзірет Сұлтан» кесенесінің маңынан табылды. Былтыр ғана түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Түркістандағы Елбасы­ның жұмыс кестесі әдеттегісінше жаңа қаланың орналасу жоспарынан, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін аралап көруден басталды. Осында Мемлекет басшысына Түркі­стан­ның тарихи-мәдени орта­лығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көруге мүмкіндік тумақ. Алғашқы кезекте Түркістанның ежел­гі қоныстарының бірі – Күлтөбе қала­сы қайта жаңғыртылатын болады. Әбіл­­мәмбет және Тәуке хандардың ордалары мен резиденциялары ортағасырлық меші­тімен бірге және басқа да бірқатар нысан толық қайта қалпына келтірілмек.