Түркістанның жасыл белдеуі екі есе ұлғайды

0
395

Жасыл белдеу - Түркістанның «өкпесі».


Түркістанның жасыл белдеуі екі есе ұлғайды

Түркістан қаласында 2500 га жерге сексеуіл тұқымы себілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында осыдан 2019 жылы қала айналасынан 7700 га жерге жасыл желекті алқап құрылған болатын. Жасыл белдеудің жер телімдеріне қазіргі таңға 7700 гектар алқапқа 11,5 млн. жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Жасыл белдеу аумағына 3020 га жер телімдеріне 9 млн.дана сексеуіл көшеттері отырғызылып, 2500 га жерге сексеуіл тұқымы себілді.


Жалпы бүгінгі күнге дейін жасыл белдеудің аумағы сексеуіл ормандарын қоса есептегенде екі есе ұлғайып, 13 220 гектарға жетті. Орман алқабында 21 489 008 көшет өсіп-жетілуде.


Түркістан қаласы айналасының су тапшылығына байланысты отырғызылған ағаш көшеттерін суару бойынша, жаңа әуежай жолының бойы 268 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63 % ұңғымалардан, 25% каналдармен, 12% насостар арқылы суарылуда.


Орман алқабында отырғызылған мәдени екпелердің көнімділігі мен өсу жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізіліп зерделенді. Оның нәтижесі 7700 гектар аумақтың 51,2% жерінде көшеттердің көнімділігі жақсы, орташа және қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетті. Жасанды орман алқабын кеңейту ең алдымен тұқымбақтардың жұмысына байланысты. Сондықтан «Жасыл аймақ» КММ Түркістанның тұқымбағын дамытып, ағаш-бұта көшеттерін көбейтуде.