Түркиялықтар Түркістандық студенттерді "Жастар жылымен" құттықтады

0
1 192


Түркиялықтар Түркістандық студенттерді

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жастар жылына» орай Түркия елімен телекөпір өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқу орталығының басшысы Болатбек Абдрасилов пен I-вице президент Женгиз Томар ізденушілерді тағыда айтулы жылмен құттықтады. Түркия елінен Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз барша қазақ еліне тілектес екендігін атап өтті. Түркиялық «Гази» мен «Мармара» университеттерінің басшылары да телекөпір төрінен көрінді. Түркияда білім алып жүрген жастарымыз да тілекші екендерін жеткізді. Айтулы шараны елімізге белгілі ақын Серік Сейітман жүргізді. Түркі дүниесі жастарының ұйытқы болуы арқасында өткен кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.