​ҰБТ бірінші күнінде: Түркістан облысында ең жоғары балл – 137

0
2 591

Ал, одан кейінгі 136, 135 ұпайға облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының екі оқушысы қол жеткізді.


​ҰБТ бірінші күнінде: Түркістан облысында ең жоғары балл – 137

ERNUR.KZ. Бүгін ҰБТ-ның екінші күні өтуде, деп хабарлайы ERNUR.KZ.

Кеше тестілеуге 4 аудан (Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласының) оқушылары қатысқан болатын. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Әлібек Кенжебаевтың айтуынша, олардың нәтижелері жаман емес. Ең жоғары 137 балды Шымкенттегі О. Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейдің бітіруші түлегі Сухраб Камалов жинады.

Ал, одан кейінгі 136, 135 ұпайға облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының екі оқушысы қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Шұғыла Сайлаудың көрсеткіші – 136, Абылайхан Шораевтікі 135 балды құрады. Жалпы бұл күні сынақтан өткен 2889 талапкердің орташа балы – 76,9 болды. Былтыр алғашқы күні ҰБТ тапсырғандардың орташа балы – 73 еді.

Бүгін ҰБТ облыстың 12 өңірінде өтіп жатыр. 6979 бала тестілеуге қатысады деп жоспарланған.

Дереккөз: okg.kz