ҰБТ: Түркістан қаласы бойынша ең жоғарғы балл 133-ті құрады

0
1 064

163 жас түлек 100 және 100-ден жоғары балл жинаған.


ҰБТ: Түркістан қаласы бойынша ең жоғарғы балл 133-ті құрады

Түркістандық түлектер Ұлттық бірыңғай тест тапсырып бітті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғары көрсеткіші 133 баллды құрады. Бұл көрсеткішті "Дарын" мектеп-интернатының екі оқушысы жинаған. Сонымен қатар, аталған білім ордасының тағы екі оқушысы 130 баллдан жинаса, ал Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы 128 баллға ие болды. Жалпы, Түркістан қаласы бойынша 163 жас түлек 100 және 100-ден жоғары балл жинаған.

Атап өтсек, Түркістанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1154 оқушы өтінім беріп, оның 1125-і білім сынағына қатысқан. 29 оқушының 25-і өз қалауымен, бір бітіруші әскерге кеткендіктен және үшеуі тыйым салынған заттарды (телефон, наушник, шпаргалка) алып келгені үшін тестілеуден шығарылған. Жалпы, қаланың 2020 жылғы талапкерлері 26 маусым мен 1 шілде аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да қарастырылған 14 аудиторияда тестілеуден өтті.

Сондай-ақ, тестілеу барысында елде таралып жатқан ауруларға қарсы шаралар да орындалып, әрбір мектеп бітіруші бес кезеңнен тұратын дезинфекциялаудан өтіп барып аудиторияға кіргізілген.