​«Ұлы дала елінің киелі мұрасы» эстафетасы Түркістан облысында

0
1 749

Акция эстафетасын Жамбыл облысының жастары Түркістан облысына табыстады


​«Ұлы дала елінің киелі мұрасы» эстафетасы Түркістан облысында

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңін өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция эстафетасын Жамбыл облысының жастары Түркістан облысына табыстады.

Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осыған орай Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен шараға Жамбыл облысының делегациясы, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшелері қатысты.

Жиыннан кейін экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи-мәдени орындарға жол тартты. Олар «Отырар төбе» қалашығына, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына, «Арыстанбаб» кесенесіне, Түркістандағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығына, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайына барып, тарихи құндылықтарымен танысты.

«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 5-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне орай «Қамқор» атауымен өтті. Екінші кезеңде, яғни 28-37 мамыр аралығында «Тағзым» акциясы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды. Еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан акция 15-18 тамыз күндері «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен Алматы облысында қорытындыланады.