​«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық рухты көтеруге жаңаша серпін береді

0
6 808

Төл тарихымызды жаңаша көзқараспен терең зерделеп, жан-жақты ой елегінен өткізіп барша қатысушыларды бірлесіп жаңа облыс орталығын дамытуға үлес қосуға шақырды.


​«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық рухты көтеруге жаңаша серпін береді

Түркістан қаласының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері мен белсенді жастар баспасөз беттерінде жарық көрген Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және қала әкімі Ә.Өсербаевпен бірге талқылады.

Жиында Ғ.Тұрсынбаев жаңа бағдарламалық мақаланы оқыған әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатып, еңсесін тағы бір тіктеп алуға түрткі болардай серпін береді.

Елбасы өзінің «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласында, төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенетінін және өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту - елі­міз­дің табысты болуының кепілі екенін халқымызға паш етті.

Жалпы бұл бағдарламалық мақаладан ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғанын көруге болады. Стратегиялық сипатқа ие бұл бағдарламалық мақала ауқымды тарихымызды дұрыс түсінумен қабылдауға шақыратынын жеткізді.

Іс-шарада сөз алған Ә.Өсербаев Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы өзіндік мазмұны мен мәні жағынан, орындалуы тиіс жобалардың бағыты бойынша бұдан алдын жарық көрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға тартқан Елбасы, біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өтті.

Жаңа облыс орта­лы­ғы ретінде Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыруды, Қазақстанның ежелгі астанасы хал­қы­мыздың рухани орталығы ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналатынын жазып көрсеткен.

Төл тарихымызды жаңаша көзқараспен терең зерделеп, жан-жақты ой елегінен өткізіп барша қатысушыларды бірлесіп жаңа облыс орталығын дамытуға үлес қосуға шақырды.

Кездесу барысында белгілі айтыскер ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегеріБ.Шойбеков баяндама жасап, өз пікірін білдірді.

«Осыдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрген мақала тарих пен болашақты байланыстырмақ. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі - Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан.

Осы Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өзімізді адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттың ұрпағы және мәңгілік дамуға жаңа бағыт берген мәдениеттің өкілі екенін ұмытпауымыз керек», – деді ол.