Ұрлап кетіп, жол апатына түскен: Дүкенге кірген тұрғын көлігін айырылып қалды

0
802

Дүкеннен шыққанда көлігін таппай қалған.


Ұрлап кетіп, жол апатына түскен: Дүкенге кірген тұрғын көлігін айырылып қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері өзгенің көлігін айдап кетіп, онымен жол-апатын жасаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданының тұрғыны ауыл көшелерінің бойында орналасқан азық-түлік дүкеніне 5 минутқа кіріп-шықпақ болып, көлігін ашық тастап кеткен. Бірақ қайта шыққанында көлігін қойған жерінен таппай қалған.

Түлкібас АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, арадан 20 минут өткеннен соң, тәртіп сақшылары оқиға орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан 2 көшенің қиылысында жоғалған көлікті бағанаға соғылған жерінен тапты. Көлікті айдап кеткен азамат, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында күдікті сол сәтте мас халде болғаны анықталды. Сондай-ақ есігі ашық тұрған көлікті үйіне жетіп алу мақсатымен айдап кеткенін, ішімдік ішкені салдарынан көлікті дұрыс басқара алмай, бағанаға соғылғаны белгілі болды. Күдікті қамауға алынып, көлікке "тауарлық сараптама" тағайындалды.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 800 000 теңгені құрады.