Үш адамның өлімі: Микроавтобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

0
962

Апаттан тағы төрт адам дене жарақаттарын алған.


Үш адамның өлімі: Микроавтобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

иллюстрациялық фото

Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының үкімімен микроавтобус жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол жолдың қарсы бағытына шығып кетіп ірі жол көлік апатына кінәлі деп танылды.

Қайғылы жағдай осы жылдың наурыз айында болған. Микроавтобусты тізгіндеген 29 жастағы Е.А. қарсы бағытқа шығып кетіп жеңіл автокөлікке соқтығысқан. Салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы төртеуі түрлі дене жарақатын алған.

Жол көлік оқиғасы Шымкент-Арыс тас жолының бойында орын алған.

Сот талқылауы барысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындаған. Ордабасы аудандық соты қылмыстық істің жай жапсарын қарап сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Микроавтобустың жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Айта кету керек, сот үкімімен тағайындалған жаза осы жылдың шілде айының 12-нен бастап есептелетін болды.