​Үшемге 5 бөлмелі пәтер берілді

0
3 007

Бұл жағымды оқиға 3 қыркүйек күні орын алған.


​Үшемге 5 бөлмелі пәтер берілді

«Егіз қозы туылса, қырдағы шөптің басы айыр шығады» - деген осы. Түркістан облысында туған үшемдерге пәтер берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент арнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Келес ауданында тұңғыш үшем дүниеге келгендігін осыған дейінгі жаңалықтарымызда жазған болатынбыз. Жергілікті әкімдік сол кішкентай періштелерге 5 бөлмелі пәтер сыйлады.

Бұл жағымды оқиға 3 қыркүйек күні орын алды. Шыр етіп өмір есігін ашқан үшемге ата-анасы Төреәлі, Фатима, Зәуре деп ат берген болатын.

Сәбилерге қазір ауданнан арнайы медбике де бөлінген. Олардың денсаулықтары жіті назарда. Ал, ауыл ақсақалдары нәрестенің бауы берік болуын тілеп, үшемнің апасына көрімдік ретінде сый жасады.

Үйдің отағасы Дәуірбек пен жұбайы Аяжанның осыған дейін де үш ұлы бар-тын. Енді жас отбасы алты баланың ата-анасы атанды.

Дәуірбек Түктібаев - үшемнің әкесі

- Үлкен алғысымды білдіремін осы үйді берді. Алдында үш отбасы бір үйде тұратын едік. Қазір жеке шығып, жақсы болды. Өзіміз жеке тұрғанға жетпейді ғой. Ата-анам қолымда. Бақыттымыз.

Аяжан Төленді - үшемнің анасы

- Олардың жағдайы өте жақсы. Медбикелер күнде маған қарасып, күнделікті жағдайын бақылап отырмыз бірге. Қазір жақсы өсіп келе жатыр. Әр апта сайын салмағын өлшеп тұрмыз.

Аудан басшысы Ақментай Есбаев құр қол келмей, үшем сәби­дің үйіне тұрмыстық техникалық заттарды сыйға тартты. Және ең басты сыйлық - баспана кілтін табыстады.

Үй алған үшемдер бұл сәттер­де ештеңе сезбестен, алаңсыз пысылдап, мейірімді құшақтарда мейірлі Отан шапағатымен тарту етілген мұнтаздай үйде алаңсыз ұйықтап жатты.