«Үштілді білім беру – құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті

0
2 146

Семинар өткізудегі жалпы мақсат – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша педагогикалық әдістемелермен бөлісу, озық іс-тәжірибелі мұғалімдерге қолдау көрсету, тәжірибесін тарату.


«Үштілді білім беру – құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті

фото: tilalemi.kz

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Арыс қаласындағы С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінде «Үштілді білім беру – құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында қалалық оқу-әдістемелік семинары болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Семинар өткізудегі жалпы мақсат – жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша педагогикалық әдістемелермен бөлісу, озық іс-тәжірибелі мұғалімдерге қолдау көрсету, тәжірибесін тарату.
Акт залында концерттік бағдарламамен сүйемелденген семинардың ашылу салтанатынан соң физика пәнінің мұғалімі Ұлдамет Рысбаева 8 «ә» сынып оқушыларына «Электр заряды. Денелердің электрленуі» тақырыбында, химия пәнінің мұғалімі Раушан Садықбекова 8 «а» сынып оқушыларына «Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары» тақырыбында практикалық сабақ өтті.

Мұнан кейін ұстаздар Ұлжалғас Алтаева (физика) мен Жанар Бекжігітова (информатика) және Айгүл Қадырова (информатика) мен Гүлзат Ақтаева (биология) осы сынып оқушыларына практикалық сабақ жүргізді. Ал, шебер сынып бөлімінде биолог Айнагүл Кенжеханованың озық іс-тәжірибесі «Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақрыбында өрбіді. «Кері байланыс. Оқу-әдістемелік семинарды қорытындылау» бөлімінде қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гауһар Молдашева семинардың өту барысын жан-жақты талдай отырып, мектеп ұжымының жұмысына оң баға берді.