Үстеріне сүт құйған шымкенттіктер «арттарын» тазалады (видео)

0
1 859

ERNUR.KZ. Күннің ыстығына шыдай алмаған шымкенттік жіас жігіттердің үстеріне сүт төгіп, салқындамақ болғаны туралы жазған болатынбыз.


Үстеріне сүт құйған шымкенттіктер «арттарын» тазалады (видео)

ERNUR.KZ. Күннің ыстығына шыдай алмаған шымкенттік жіас жігіттердің үстеріне сүт төгіп, салқындамақ болғаны туралы жазған болатынбыз.

Үстеріне сүт құйған жігіттер желідегілердің ашуына тиген еді. Көпшілігі олардың бұл әрекетін теріске бағалап, ақты аяқ асты етті деп сөккен. Арада бір күн өткенде видеодағы жігіттер өздері былғап кеткен жерлерді тазалағанын мәлімдеп, тіпті дәлел ретінде видеоны да желіге жүктеген. «Ролbктен соң біз ол жерлерді тазаладық. Уайымдамаңыздар» деп жазды жігіттер. Белгілі болғандай, сүтке шомыламын деп елден сөз естіп тынған жігіттердің бұл әрекеттері арнайы пранк, яғни, әлдекімге әзілдеу мақсатында түсірілген.

Видео: 13reg_pranks парақшасынан алынды