Елімізде алғашқы параканоэ турнирі ОҚО-да өтті

0
1 197

Ел чемпионаты ерлер арасында KL3 сайыстарымен басталды. 5 спортшы арасында өткен жарыста қазақстандық Жалғас Тайкенов мәре сызығына бірінші болып жетіп келді. Ол Өзбекстан мен Ресей спортшыларынан мықты екенін көрсетті.


Елімізде алғашқы параканоэ турнирі ОҚО-да өтті

ERNUR.KZ. 4 мамыр күні Шымкентте алғаш рет пароканоэден Қазақстан кубогы өтті. Олимпиада ойындарына кіретін айтулы спорт ойыны соңғы уақытта елімізде қарқынды дамып келеді. Жарысқа қазақстандық спортшылар мен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Ресейден ескек есушілер келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Пароканоэ спортын дамытуды біз 2016 жылдан бастап қолға алдық. Қазіргі күнде қазақстандық спортшылар Ресей құрама командасы мен бірге 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр. Нәтижесінде бірнеше спортшыларымыз халықаралық турнирлерде топ жарды" – дейді байдарка және ескек есу федерациясының президенті Денис Жәрменов.

Ел чемпионаты ерлер арасында KL3 сайыстарымен басталды. 5 спортшы арасында өткен жарыста қазақстандық Жалғас Тайкенов мәре сызығына бірінші болып жетіп келді. Ол Өзбекстан мен Ресей спортшыларынан мықты екенін көрсетті. Жалпы жарысқа шымкенттік ескек есушілер жоғары дайындықпен келгенін паш етті.

Жарыстың қортындысы бойынша жалпы командалық есепте Ресей командасы 3 - орынды иеленді. Ал, өзбекстандық спортшылар екінші орыннан көрінді. Қазақстан командасы бірінші орынды иеленіп, елімізде алғаш рет өткен чемпионаттың жеңімпазы атанды.