​Заманауи аялдама үлгісіне байқау жарияланды

0
2 279

Аталмыш байқауды «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ өткізбек. Аялдамаларды жобалаушылар қиялына ерік беріп, заманауи стильде жасап шығуына шектеу қойылмайды.


​Заманауи аялдама үлгісіне байқау жарияланды

ERNUR.KZ. Елімізде туристік және қалааралық рейстік автобустардың аялдамаларының жобасына арнайы байқау ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Аталмыш байқауды «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ өткізбек. Аялдамаларды жобалаушылар қиялына ерік беріп, заманауи стильде жасап шығуына шектеу қойылмайды.

Талқыға түсетін жобаларды әділқазылар алқасы сарапқа салатын болады. Тек байқауға ұсынылған жобалар көпшіліктің де көңілінен шықса игі. Әйтпесе жазда күннен қалқа болып жарытпайтын, қыста ызғырыққа пана болмайтын аялдамалардан көпшілік ығыр болған. Қалай болғанда да шеттен келетіндердің көңілінен шығу үшін емес, жалпақ жұртқа ұнайтын, сәнді де заманауи, ыңғайлы болса болғаны.

Байқауға осы салада тәжірибесі бар заңды және жеке тұлғалар қатысып, бағын сынап көруіне мүмкіндік бар. Байқау қоры – 200 000 теңге.