​Запашный циркі - Отырар жерінде

0
1 051

Ре​сейдің Запашный циркі Отырар өңірінің тарихи орындарына аралады.


​Запашный циркі - Отырар жерінде

Ресейдің халық әртісі Мстислав Михайлович Запашный бастаған цирк ұжымы Шымкент цирк ұжымымен бірлесіп Оңтүстіктің киелі жерлеріне экскурсияға шықты. Желтоқсан айының 5 жұлдызында олар Түркістан облысы Отырар ауданына жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Цирк өнерінде айрықша орны бар ұжымның Отырар өңірінде өнер көрсетуі Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласы аясында жүзеге асырылып отыр. Шараның мақсаты Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени рухани байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану.

Цирк ұжымы ауданымыздағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейіне, ескі Отырар қалашығына, Арыстанбаб кесенелеріне рухани-танымдық экскурсиялық саяхат жасады.

-Оңтүстіктің, оның ішінде Отырар өңірінің киелі жерлері мен тарихқа толы шежіресін, мол мұрасын көршілес Ресей әріптестеріне дәріптеу басты міндетіміз,- дейді Шымкент циркінің директоры Арман Махмутұлы Алиев.

Экскурсия барысында қонақтарға қазақтың ұлттық сусыны шұбат ұсынылып, бауырсақтан дәм татты.