​Жансейіт Түймебаев: «Ұлы даланың жеті қыры - Рухани жаңғырудың жалғасы іспетті»

0
3 013

Түркістан қаласынан жеті этноауылдар салынып, онда жеті қырға қатысты атау беруді ұсынылды.


​Жансейіт Түймебаев: «Ұлы даланың жеті қыры - Рухани жаңғырудың жалғасы іспетті»

Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» және Түркістан» тақырыбында алқалы жиын өтті. Облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы аясында өткен келелі басқосуға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Ұлы даланың жеті қыры - «Рухани жаңғырудың» жалғасы іспетті» деген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мақаланың мазмұнды ойлар айтылған маңызды құжат екенін атап өтті.

«Елбасымыз ел дамуына арналған кезекті мақаласында өткеніміз бен бүгінімізді байланыстыра отырып тарихи оқиғалардан дәйекті дәлелдер айтып өтті. Соның ішінде Түркістанды дамытуға тоқталып,түркітектес елдердің қара шаңырағы саналатын шаһарды қазақ тарихында алар орны айрықша екенін назардан тыс қалдырмады.Мақаланы дәріптеу, ондағы айтылған тапсырмаларды орындау сіз бен бізге артылған жүк. Сондықтан да барлығымыз ынтымақ пен бірлігімізді сақтай отырып осыны жүзеге асыруымыз қажет. Тарихы терең һәм рухани құндылығы жоғары еліміздің мәдениетін, әдебиетін келер ұрпаққа аманаттау жолында жұмыла жұмыс жасағуа шақырамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиында жазушы Мархабат Байғұт мақаланың мазмұнына атап өтсе, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов Түркістан қаласынан жеті этноауылдар салынып, онда жеті қырға қатысты атау беруді ұсынды. Сонымен бірге Жетісай ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Тойым Жүнісов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің түрколог ғалымы Сейсенбай Құдасов, тарих ғылымдарының докторы, археолог Мұхтар Қожа сөз сөйлеп, өз ойларын білдіріп өтті.

Шараға қатысушылар тақырып аясында түрлі пікірлерін айтып, қарар қабылданды. Қорытынды сөз алған өңір басшысы Түркістанда 21 хан, батырлардың өмірдерегі жазылып, көпшілікке ұсынылу үшін жаңадан салынатын музейге топтастырылатынын айтты. Сонымен қатар, салт-дәстүрімізді дәріптеген жаңа анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер алдағы уақытта да жарық көретін болады.

«Туған өлке», «Жыл меценаты», «Батыл жүрек»,«Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы» және «Ерен еріктілер», «Жүректен жүрекке» номинациялары бойынша бірнеше азаматтар мрапатталды.

Рухани маңызға ие шара соңында «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар»,«Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.