​Жанұялық кіші футболдан түлкібастық отбасы олжалы оралды

0
1 064

Аталған турнирге Түлкібас ауданы Састөбе кентінде тұратын Лесбаевтар әулеті қатысты.


​Жанұялық кіші футболдан түлкібастық отбасы олжалы оралды

Алматы қаласында қалалық Әуесқой футбол ұйымының басшылығымен бір атадан тараған жанұялық кіші футболдан Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Республикалық турнирге еліміздің барлық облыс және аудандарынан бір әулеттен шыққан 29 команда келіп қатысты. Үш күнге созылған жарысқа командалар топ-топқа бөлініп өте тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Сынға түскен командалардың бәрі де өз өнерлерін паш етуден аянып қалмады. Ойын кезінде олардың отбасылық ауызбіршілігі мен жеңіске деген ынталары анық байқалады.

Аталған турнирге Түлкібас ауданы Састөбе кентінде тұратын Лесбаевтар әулеті құрама команда ретінде қатысты. Спортшылар командасы барлық сайыстан да сүрінбей өтіп, ақтық ойынға жолдама алды. Лесбаевтар әулеті мен Алматы облысы Қарасай ауданынан келген Сауытбековтер әулеті бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде 3:3 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:3 есебімен Лесбаевтар командасы Қазақстан Республикасының біріншілігінде І орынды алып жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз командалардың бәрі де бағалы сыйлықтармен және кубок, медальдармен марапатталды.