Жас ұрпаққа Елбасының өмір жолы үлгі етілді

0
1 696

Мектепте Тұңғыш Президент күні Елбасымыздың биылғы Жолдауымен және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстырылды.


Жас ұрпаққа Елбасының өмір жолы үлгі етілді

1-желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай, Түркістан облысы, Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен елі үшін атқарған еңбектерін дәріптеу мақсатында және еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын құрбан еткен батыр апа-аталарымыздың ерлігін құрметтеуге, ел тарихына терең үңілуге жетелеген іс-шаралардың тәлім-тәрбиелік мәні зор болды.

Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі екені айтылып, Елбасының өмір жолы үлгі етілді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары айтылды.

Отанын, халқын сүюге, еліміздің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын қадірлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында барлық сынып оқушыларына мұғалімдер «Менің тұңғыш Президентім» және «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізіп, тәрбие мен білімнің әрдайым – егіз екенін түсіндірді.