Жасөспірімдер арасындағы мәселелер бойынша тренинг өтті

0
5 587

Қызды қырық үйден тыю, жасөспірім қыздар асасында ерте жүктіліктің алдын алу және басқа тақырыптар бойынша пікірлерімен бөлісіп, сауалнама жүргізілді.


Жасөспірімдер арасындағы мәселелер бойынша тренинг өтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің психологтары аудан бойынша орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында оқу орындарына барып, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, әлімжеттік ұрлық, ерте жүктілік бүгінгі күнің өзекті мәселесі болып отырғандығы туралы, осы жағдайдың алдын алу мақсатында білім алушылармен сұрақ- жауап алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шара бойынша білім алушылар тақырыпқа байланысты ойларын ашық айтып пікірлерімен бөлісті.

Күн тәртібінде:
1. «Қызды қырық үйден тыю».
2. «Жасөспірім қыздар асасында ерте жүктіліктің алдын алу» .
3. «Жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан- жақты зерттеп , жан дүниесін дамыту».
4. «Аутодиструктивті оқиғаларды алдын алу»
4. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, әлімжеттіктің алдын алу.

Жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан- жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту мақсатында оқушылармен жеке жұмыс жасайтындығы туралы, әрбір бала өз құқығын білуге міндетті, күйзеліске түспеу, өз-өздеріне сенімділік жоғалған жағдайда, кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы кеңінен түсіндіріп шықты. Психологиялық тренинг жүргізіп, сауалнамалар алынды.

Күн тәртібіндегі барлық тақырып бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі