Жастарға Елбасы мақаласы насихатталды

0
1 165

«Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын Елбасы мақаласының жастарға, болашақ ұрпаққа берері мол екені жастарға түсіндірілді.


Жастарға Елбасы мақаласы насихатталды

фото: facebook.com

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың '"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау жəне түсіндіру мақсатында Түркістан облысы, Созақ ауданының Таукент кентінде, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында мектеп оқушылары жəне ауыл жастарымен кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пəнінің мұғалімі Б.Аманов, аудандық Жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Е.Байменов жəне орталық заңгері С.Бегманов қатысты. Сонымен қатар, 100-ден аса жастар қатысып, белсенділік танытты. Елбасы мақаласы кеңінен түсіндіріліп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтар мен ұсыныстары ортаға салынды. Жастар тарапынан мемлекетіміздің жастарға деген қамқорлығына жəне келесі жылы Жастар жылы болып бекітілгеніне ризашылықтарын білдірді.

«Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын Елбасы мақаласының жастарға, болашақ ұрпаққа берері мол екенін жастарға түсіндіріп, ондағы айтылған келелі ойлар мен белгілі тақырыптарға ұйымдастырушылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды.