Жетісай ауданында 2008 жылы туған қыз бала суға батып кетті

0
1 603

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері шымкенттік құтқарушылар Түркістан облысына 10 рет судағы іздестіру жұмыстарына көмек көрсеткен.​


Жетісай ауданында 2008 жылы туған қыз бала суға батып кетті

Түркістан облысы Жетісай ауданында 12 жасар бала суға батып кетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

4 шілде күні сағат 18.30 шамасында 2008 жылы туған жасөспірім Қарасақал ауылы маңындағы Шардара су қоймасында шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына хабар берілген. Сағат 20.20 шамасында оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір сағатқа жуық суға батып кеткен жасөспірімді іздеген. Сағат 21.20 шамасында қыз баланың денесі табылған.

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасағының Шырдара құтқару бекетінен 6 құтқарушы-сүңгуір, 1 жүзу құралы мен 1 техникасы жұмылдырылып, олар оқиға орнына сағат 20.20 келіп жеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 шілдеде кешкі сағат 21.20-да қыздың денесін тауып, судан шығарған. Іздестіру жұмыстарына қосымша Түркістан облысы ТЖД 6 қызметкері, 11 аудандық полиция қызметкері, туыстарынан 5 адам жұмылдырылған,"- деп мәлімдеді Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

Шымкент қаласында суға шомылу маусымының тұрақты жағдайына қарамастан жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл көрші Түркістан облысына көмек көрсетумен байланысты дейді шымкенттік құтқарушылар. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері шымкенттік құтқарушылар 10 рет судағы іздестіру жұмыстарына көмек көрсеткен.