​Жетісай ауданында әлеуметтік көмекке 2,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды

0
3 881

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ұсынылған болатын.


​Жетісай ауданында әлеуметтік көмекке 2,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 2 469,104,0 мың теңге қаралған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік көмек үшін республикалық бюджеттен – 1 689,696,0 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен – 959,408,0 мың теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың 11 айында 4184 отбасыға 2 469,104,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 949,408,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Оның ішінде шартты – 3932 отбасыға немесе 24243 адамға, шартсыз – 252 отбасыға немесе 1119 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, уақытында төленген.

Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендердің басым бөлігі Жетісай қаласы, Қазыбек би, Жаңа ауыл, Ынтымақ, Жылы су, Атамекен, Асык ата, Қызылқұм, Мақталы, Абай, Ж. Ералиев, Ш. Ділдабеков, Қарақай ауыл округтерінің тұрғындары болып отыр.

Айта кету керек, 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ұсынылған болатын.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күнде ұсынылып отырған жәрдемақының үш түрін, атап айтқанда: көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылған үй шаруашылықтарына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің орнына ұсынылған еді.