Жетісай ауданының ардагерлері бас қосты

0
2 788

Алқалы жиында аудан ардагерлері Елбасы Жолдауын кеңінен талқылап, жүзеге асыру жолындағы ой-пікірлерімен бөлісті.


Жетісай ауданының ардагерлері бас қосты

Пленумда аудан ардагерлері Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы Жолдауындағы айтылған мәселелерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сонымен қатар, бүгінде күн санап қатары өсіп келе жатқан суицид, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен ерте жүктіліктің алдын алуда ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу керектігі сөз болды.
Ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүрімізді сақтау, жаназаларда ата-атаға, ру-руға шапан таратып, аста-төк дастархан жаюдың қате екені де жетісайлық ардагерлердің назарынан тыс қалмады.
Пленум соңында қоғамның сынағынан сараланып жеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен ынтымақты сақтауда аянбай тер төгіп келе жатқан аға буын өкілдерінің бірқатарына Жетісай ауданы әкімінің, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының алғыс хаттары табыс етілді. "Ынтымақ" қоғамдық бірлестігінің "Әйтеке бидің 350 жылдық" медалімен марапатталып, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарлары сайланды.