​Жетісайда базарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

0
548

Жұмыс барысын тексеруге облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев келді.


​Жетісайда базарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Жетісайда күн батқанына қарамастан, базар аумағында өрт қалдықтарын тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс барысын тексеруге облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев келді.
Қызыл жалыннан зақым келген 900 шаршы метр жерді жылдам реттеу үшін 6 секторға бөлінді.
Әр секторда Жетісайға жақын орналасқан 6 ауданнан, яғни Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Қазығұрт аудандарынан келетін құрылысшылар жұмыс істейді.
Базардағы құрылыс жұмыстары 1 айда толық бітеді.
Жақын күндері кәсіпкерлер барлық өрт қауіпсіздігі сақталған жаңа базарға кіреді.